Ассортимент

ДӘМДІ!

Итальяндық джелато дәмі таңғажайып тоқбасар – онда әдеттегі балмұздаққа қарағанда ауа 2 есе аз, сондықтан оның дәмі қанық, ерекше, есте қаларлықтай. Джелато – 16 градустық температурада ұсынылады, дәмсезгіш рецепторлар қатып қалмайды, нәзік кілегейдің, шоколадтың иісі мұрын жаратын құлпынай немесе сусыныңды қандырар қарбыздың дәмін қабылдайды.

ПАЙДАЛЫ!

Джелатоны қолдан, жаңа піскен жеміс-жидектерден, жаңғақ пен шоколадты қоса отырып, табиғи сүттен, кілегейден және қанттан дайындайды. Осы азықтардың әрқайсысындағы барлық пайдалы заттар, дәрумендер және микроэлементтер қатырылған күйде сақталады.

Джелатодағы май мөлшері әдеттегі өндірістік балмұздаққа қарағанда әлдеқайда аз – ең көбі 10-11%.

ЖАҢА ДАЙЫНДАЛҒАН!

Джелато – жаңа әзірленген балмұздақ. Оны әзірлей сала сатады. Сөреде мұндай балмұздақ 5-7 күннен артық тұрмайды.

ЕРЕКШЕ!

Джелатерье-шеберлерінің қиялында шек жоқ: джелатоның 1000-нан астам сұрпы жасалды, және олардың қатары ұдайы толығуда.

TUTTO BENE компаниясының ассортиментінде кілегейлі, йогуртты сұрыптар мен сорбеттер бар. Атаулары әсем әуендер секілді: Фиор ди панна, Страчателла, Амарена, Фрагола, Ноччиола… Сіздікі қайсысы?