Джелато жайында

Джелато ыстық Италияда, шақырайған күн астында, ағаштардың көлеңкесінде, кірпішті көше тұйықтары мен темір шарбақтар арасында, гүлдер мен жемістер арасында пайда болды. Ерте-ерте ертеде, жарты мыңжылдық бұрын мұнда осы бір тамаша салқын тоқбасарды ойлап тауыпты, содан бері жүздеген жылдар бойы шағын джелатерия-дәмханаларда итальяндықтар үй балмұздағын дайындау өнерін шыңдап келген.

Итальяндық джелато әлемдегі бірде бір балмұздаққа ұқсамайды. Оның қайталанбас дәмі, тамаша түсі, керемет хошиісі – бір көргеннен, бір қасығын татқаннан, ерніңе бірінші тигізгеннен-ақ оның қаншалықты ерекше екенін сезуге болады. Нәзік, қою, таңдайыңнан дәмі кетпейтін, дәмнің бүкіл қасиетін сездіретін балмұздақ! Итальяндық сорбет-джелатолар өздері шыққан жемістерге ұқсайды: жарқыраған апельсиндер, тәтті банандар, күн нұрына шомылған шие, нәзік шабдалылар...

Бұл балмұздақтың ерекшелігі бірден сезіледі, себебі ол қолдан жасалған, джелатерье-шеберлері оны жасағанда бүкіл ықыластары мен көңілдерін үйіп-төккен.

Итальяндық үй джелатосының біз күнделікті дүкенде көретін өнеркәсіптік балмұздақтан негізгі айырмашылығы да осында – джелато қолдан жасалады. Әрбір үлесі қайталанбайды. Балмұздақтың бір сұрпынан әр джелатерьенің қолынан әртүрлі дәм шығады!

Джелато туралы есте сақтаған артық болмайтын бірнеше дерек:

  • Джелато құрамында – тек жаңа піскен әрі табиғи өнімдер.
  • Өнеркәсіптік балмұздаққа қарағанда джелато тез жеп қоюға арналған. Ол ең көбі үш күн сақталады, ал көптеген шеберлер ертеңіне келушілерге жаңа дайындалған дәмді өнімді ұсыну үшін джелатоны кешке-ақ «есептен шығарады».
  • Джелатоны әзірлеу үдерісінің көп бөлігі қолмен жасалады.
  • Джелатода өнеркәсіптік балмұздаққа қарағанда ауа әлдеқайда аз: ең көбі – 35%
  • Джелатоның майлылығы да өнеркәсіптік балмұздақпен салыстырғанда әлдқайда төмен: ол нөлден 11% дейін (ең көбі – 10-11%).
  • Жеміс-жидектен дайындалған сорбеттерде сүт өнімдері болмайды.  

Итальяндық джелато туралы тағы бірнеше қызықты деректер:

  • Джелато Италияда – балмұздақ нарығының 55% астамын алып жатқан өнім. Оның дәмін шағын отбасылық джелатерия-дәмханаларда татуға болады.
  • Мамыр айында Флоренцияда ең дәмді әрі жарқын итальяндық мерекелердің бірі – джелато фестивалі өтеді. Ал тарихта алғашқы балмұздақ жасаушы сицилиялық аспаз Франческо Прокопио ди Колтелли болып табылады.
  • Алғашқы балмұздақ-дәмханасы 1686 жылы Парижде ашылды.
  • Балмұздаққа арналған вафельдік стақандарды XIX ғасырдың соңында Итало Маркони ойлап тапты.