Мейрамханалар мен дәмханалар үшін

Егер сіздің дәмханаңызда немесе мейрамханаңызда қонақтар балмұздаққа жиі тапсырыс берсе, джелато-балмұздақ сіздің тоқбасарлар мәзіріңіздің көркін кіргізе алады. Нәзік, жаңа әзірленген, және таңғажайып дәмі бар балмұздақ сіздің қонақтарыңыздың көңілінен шығары сөзсіз.

TUTTO BENE компаниясының ассортиментінде джелатоның 50-ден астам түрі бар:

  • Кілегейлі джелато
    Табиғи сүттен, кілегей мен қанттан дайындалады. Мұндай балмұздақтың майлылығы әдетте 9-10% шамасында
  • Йогуртты джелато
    Йогурт қоспасы қосылған сүттен әзірленеді. Жеңіл, диеталық, нәзік. Онда майды тіпті жоқ деуге де болады – небәрі 2-3%
  • Сорбеттер
    Табиғи жеміс-жидектің мәйегінен әзірленеді. Құрамында сүт өнімдері кездеспейді. Майлылығы 0 %

Балмұздақ «Jokey» компаниясы (Белоруссия) өндірген пластикалық шағын шелектермен шығарылады. Шелектің сыйымдылығы – 1,5 кг.

Сақтау шарттары мен ережелері:

Джелатоны 18-ден -25 С дейінгі температуралық режимде сақтау керек.
Өнімді сөреде ашық күйінде -18 градуста сақтау мерзімі 10 күннен аспайды. -25 градустық температурада жабық күйінде (шелекте) сақтау мерзімі джелатоның кілегейлі сұрыптары үшін 6 айдан аспайды, сорбеттер мен йогурттық сұрыптар үшін 1 айдан аспайды.

Балмұздақпен қоса топпингтердің (шәрбәт) дәмі тіл үйіреді. Оларды салқын күйінде де, жылытылған күйінде де (40 градусқа дейін) ішуге болады.

Біз «Джелато» компаниясы ЖШҚ (Мәскеу қ.) өндірген, жеміс-жидек, какао, қойылтылған сүт және т.б. сияқты табиғи өнімдер негізінде соны итальяндық рецептура бойынша әзірленген топпингтерді ұсынамыз. 

Серіктестік шарттары:

Балмұздаққа тапсырыс жұмыс күндері 8.30-дан 17.30-ға дейін +7 (727) 327-62-92, 395-69-88, +7 (701) 823 5550 телефондары бойынша қабылданады.
Тапсырыс 24 сағат ішінде орындалады.

3 кг асатын балмұздаққа тапсырыс берген жағдайда өнім Алматы қ. бойынша тегін жеткізіледі.

Төлемді жеткізілген бойда қолма-қол ақшамен немесе Жеткізілім шарты жасалған жағдайда есепшотқа аудару арқылы жасауға болады.

Балмұздақ, топпингтер мен ілеспе тауарларға прайс-парақ