Тарихы

TUTTO BENE!    Тамаша!    Өте жақсы!

 

Компанияның бұлайша аталуы бекер емес. Себебі барлығы тағамдары әлемде ең дәмді әрі танымал деп мойындалған ел – Италияда бастау алды. Онда қандай таңғажайып балмұздақтар жасайтынын бірі білсе, бірі білмейді!

Елестетіп көріңізші: шағын итальяндық қалашықтағы көктемгі таң, кофе мен жаңа піскен тәттілердің иісі аңқып тұрады. Күн шуағын шашып тұр, салқын самал соғады. Айнала қаптаған жабынқышты шатырлар, темірден құйылған шарбақтар, терезе алдына отырғызылған гүлдер... Ұядай джелатерияда дәмханаға иелік ететін әйел сізге өзі айтқандай «қолдан жасалған» джелато-балмұздағын әкеліп береді. Бір қасығын татқан кезде өзіңіз еріксіз жымиып, бұдан дәмді балмұздақты бұрын-соңды жеп көрмегеніңізді түсінесіз. Ол рас!

Дәл осындай таңғажайып дәмге толы бір күні осы бір ғажап тоқбасарды сүйікті қаламыз Алматыға әкелу туралы ой пайда болды. Қазір TUTTO BENE компаниясының итальяндық джелатосы тек Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасында ғана танымал емес, ол күн өткен сайын қазақстандықтардың қызығушылығын туғызып келеді. Алайда осыған қол жеткізу үшін ұзақ жол жүрілді.


1-ҚАДАМ
2009

TUTTO BENE компаниясының құрылуы.

Алты жыл бұрын компанияның негізгі бағыты анықталды. Ол: соны технология бойынша жоғары сапалы итальяндық балмұздақ-джелатоны жасау.

2009 жылдың 5 желтоқсанында Алматы қ., Наурызбай к., 7б мекенжайы бойынша орналасқан Atrium сауда орталығында алғашқы TUTTO BENE джелатериясының ашылуы болды.

 

2-ҚАДАМ
2010-2011

TUTTO BENE қаламен танысады.

Екі жыл ішінде бірнеше сауда орындары ашылып, балмұздақ түрлері көбейе бастады.


2010 жылдың 1 мамыры
– Алматы қ., Райымбек даңғ., 514а. «Прайм Плаза» СОО-да шағын-джелатерияның ашылуы
2010 мамыр-тамыз – Алматы қ., Райымбек даңғ., 239г Maxima СОК-та шағын-джелатерияның жұмыс істеуі
2010 тамызы – Алматы қ., Абай даңғ., 109 в. «Глобус» СО-да шағын-джелатерияның ашылуы
2010 желтоқсаны – Алматы қ., Розыбакиев к., 247а Mega СОО-да шағын-джелатерияның ашылуы

3-ҚАДАМ
2012

TUTTO BENE жаңа деңгейге өтеді.

Қазақстан Республикасының астанасына бет алады.

2012 ақпаны – Алматы қ., Сәтбаев к., 90, ADK СОК-та шағын-джелатерияның ашылуы
2012 ж. 31 наурызы – MARWIN дүкенінде джелатерияның (балмұздақ-дәмханасы) ашылуы (Mega СОО, Алматы қ., Розыбакиев к., 247 а).
2012 тамызы – франшизаны сату және Астана қ., Тұран даңғ., 24 «Сары-Арқа» СОО-да шағын-джелатерияның ашылуы

 

4-ҚАДАМ
2013-2015

Жаңа тарих.

Бұрынғыша таңғажайып балмұздақ.

2013 қаңтары – Алматы қ., Әуезов к., 3 мекенжайы бойынша жаңа цехті іске қосу.
2014 наурызы – Алматы қ., Розыбакиев к., 289, Mega-2 СОО-да шағын-джелатерияның ашылуы.
2014 қыркүйегі – франшиза сату және Алматы қ., Сейфуллин к., 248, Mega Park СОО-да шағын-джелатерияның ашылуы.
2015 көктемі – өндіріске қажетті жаңа жабдықтар сатып алу. Енді TUTTO BENE балмұздағы бұрынғыдан да сапалы, алуан түрлі, дәмдірек бола алады!
2015 наурызы – франшиза бойынша Алматы қ., Рихард Зорге к., 18 мекенжайы бойынша «МАРТ» СОО-да шағын-джелатерияның ашылуы.
2015 жылдың 5 қыркүйегі - «Вкусная Алма-Ата» қалалық аспаздық фестиваліне қатысу

5-ҚАДАМ
2016

Жап-жаңа хикая - TUTTO BENE танымалдылығы өсуде.

TUTTO BENE джелатосы өз мәзірінде пайдаланатын әріптестердің, дәмханалар мен мейрамханалардың желісі айтарлықтай кеңейтілді.

2016 ж. қаңтары – балмұздақты жеткізуге арналған тағы бір арнайы автомобиль-рефрижератор сатып алынды.
2016 ж. сәуірі – қалалық бұқаралық іс-шараларға қатысу үшін арнайы брендтелген көшпелі сөре сатып алынды.
2016 ж. қыркүйегі – Алматы қ., Абай даңғ., Алтынсарин даңғ. қиыл. MOSKVA Metropoliten СОО-дан шағын джелатерияның ашылуы.
2016 ж. 10 қыркүйегі – 2-ші «Вкусная Алма-Ата» қалалық аспаздық фестиваліне қатысу.

 

TUTTO BENE-нің алдағы уақытқа дәмді әрі жарқын жоспарлары көп, атап айтқанда – Алматы мен Астанада жаңа сауда орындарын ашу, Алматы тұрғындарына арнап, ыдыстағы балмұздақты жеткізу қызметін енгізу, серіктестермен белсенді жұмыс істеу, алайда ең бастысы – біздің джелатериялардың қонақтарына бұрынғыдан да мол қуаныш сыйлап, олардың көңіл күйін көтеру!