Джелато ыстық Италияда, шақырайған күн астында, ағаштардың көлеңкесінде, кірпішті көше тұйықтары мен темір шарбақтар арасында, гүлдер мен жемістер арасында пайда болды. Ерте-ерте ертеде, жарты мыңжылдық бұрын мұнда осы бір тамаша салқын тоқбасарды ойлап тауыпты, содан бері жүздеген жылдар бойы шағын джелатерия-дәмханаларда итальяндықтар үй балмұздағын дайындау өнерін шыңдап келген.
Итальяндық джелато әлемдегі бірде бір балмұздаққа ұқсамайды. Оның қайталанбас дәмі, тамаша түсі, керемет хошиісі – бір көргеннен, бір қасығын татқаннан, ерніңе бірінші тигізгеннен-ақ оның қаншалықты ерекше екенін сезуге болады. Нәзік, қою, таңдайыңнан дәмі кетпейтін, дәмнің бүкіл қасиетін сездіретін балмұздақ! Итальяндық сорбет-джелатолар өздері шыққан жемістерге ұқсайды: жарқыраған апельсиндер, тәтті банандар, күн нұрына шомылған шие, нәзік шабдалылар...
Бұл балмұздақтың ерекшелігі бірден сезіледі, себебі ол қолдан жасалған, джелатерье-шеберлері оны жасағанда бүкіл ықыластары мен көңілдерін үйіп-төккен.
Итальяндық үй джелатосының біз күнделікті дүкенде көретін өнеркәсіптік балмұздақтан негізгі айырмашылығы да осында – джелато қолдан жасалады. Әрбір үлесі қайталанбайды. Балмұздақтың бір сұрпынан әр джелатерьенің қолынан әртүрлі дәм шығады!
Джелато туралы есте сақтаған артық болмайтын бірнеше дерек:
- Джелато құрамында – тек жаңа піскен әрі табиғи өнімдер.
- Өнеркәсіптік балмұздаққа қарағанда джелато тез жеп қоюға арналған. Ол ең көбі үш күн сақталады, ал көптеген шеберлер ертеңіне келушілерге жаңа дайындалған дәмді өнімді ұсыну үшін джелатоны кешке-ақ «есептен шығарады».
- Джелатоны әзірлеу үдерісінің көп бөлігі қолмен жасалады.
- Джелатода өнеркәсіптік балмұздаққа қарағанда ауа әлдеқайда аз: ең көбі – 35%
- Джелатоның майлылығы да өнеркәсіптік балмұздақпен салыстырғанда әлдқайда төмен: ол нөлден 11% дейін (ең көбі – 10-11%).
- Жеміс-жидектен дайындалған сорбеттерде сүт өнімдері болмайды.
Итальяндық джелато туралы тағы бірнеше қызықты деректер:
- Джелато Италияда – балмұздақ нарығының 55% астамын алып жатқан өнім. Оның дәмін шағын отбасылық джелатерия-дәмханаларда татуға болады.
- Мамыр айында Флоренцияда ең дәмді әрі жарқын итальяндық мерекелердің бірі – джелато фестивалі өтеді. Ал тарихта алғашқы балмұздақ жасаушы сицилиялық аспаз Франческо Прокопио ди Колтелли болып табылады.
- Алғашқы балмұздақ-дәмханасы 1686 жылы Парижде ашылды.
- Балмұздаққа арналған вафельдік стақандарды XIX ғасырдың соңында Итало Маркони ойлап тапты.