Франчайзинг

Франчайзи болу үшін, TUTTO BENE джелатосының өндірісі мен сатылымын ұйымдастыру үшін не қажет.

  1. Өз ісімен айналысуға деген құлшыныс, қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істеуге дайындық.
  2. Сауда орнын, дәмхананы және өндірісті ұйымдастыруға қажет зертхананы орналастыру үшін орынжайдың болуы. Орынжай өзіңіздікі немес жалға алынған бола алады.
  3. 20 000 АҚШ долларынан (тек Алматы қ. сауда франшизасы) бастап, 70 000 АҚШ долларына (өндіріс және сауда) дейінгі көлемде инвестиция.

Франчайзинг шартын жасасуға қажетті құжаттар

Дербес кәсіпкерлер үшін:

  1. ДК тіркеу туралы куәлік.
  2. Жеке куәлік.
  3. ЖСН.
  4. Есепшот ашу туралы анықтама.

Заңды тұлғалар үшін:

  1. Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, БСН.
  2. Жарғы немесе Құрылтай шарты.
  3. ҚҚС-қа қою туралы куәлік (болған жағдайда).
  4. Директорды тағайындау туралы бұйрық (шешім).
  5. Директордың жеке куәлігі.
  6. Есепшот ашу туралы анықтама.


 

Франчайзинг шартын жасасу Сізге не береді:
  1.  «Tutto Bene» сауда маркасын пайдалану құқығын.
  2. Бизнес-жобаны талдауда көмек: нарық пен жергілікті ерекшеліктерді талдау, жұмыс форматын таңдау, дәмхана немесе сауда орындарының оңтайлы жерге орналасуы бойынша кеңестер, инвестиция көлемін есептеу.
  3. Жобаны әзірлеуде, смета, жұмыстардың орындалу кестесін жасау барысында көмек беру.
  4. Негізгі жабдықты таңдауда кеңес беру және жеткізуде көмек беру.
  5. Өндіріс технологияларын ұсыну, балмұздақ өндірісінің фирмалық рецептілерін беру (40-тан астам түрі), оның ішінде өңірдің ерекшеліктерін ескеретін арнайы рецептілер әзірлеу.
  6. Балмұздақ өндірісіне қажет ингредиенттердің бірінші тапсырысын жасау.
  7. Персоналды бастапқы оқыту.
  8. Балмұздақ өндірісіне қажет ингредиенттер мен ілеспе тауарларды ұдайы жеткізу.
  9. Шарттың қолданыс мерзімі бойы жұмыс барысындағы мәселелерді шешуге көмектесу.
  10. Сауда нүктесі туралы www.tuttobene.kz сайтымызға ақпарат жариялау.
Франчайзинг шартына қол қою:
  1. Франчайзинг шартының қолданыс аймағы – Қазақстан Республикасы.
  2. Шарт Тараптар тұрғысынан 5 жылға жасалады.
  3. Шарттың қолданысы аяқталғаннан кейін Тараптардың екіжақты шешімімен ол келесі 5 жылға ұзартыла алады.
  4. Шартқа франчайзи дәмханасы орналасқан жерде қол қойылады.
  5. Шарт міндетті түрде тіркеледі және ҚАЗПАТЕНТте жасалады.
Шарт бойынша Сіз бірқатар қаржылық міндеттемелер орындайсыз:
  1. «Tutto Bene» сауда белгісін пайдалану құқығы үшін тұтас жарнаны төлеу және кеңестердің, оқытудың, жабдық таңдаудың және балмұздақ өндірісіне қажет ингредиенттердің толық пакетін алу. Тұтас жарна 10 000 АҚШ долларын құрайды.
  2. Бекітілген тізім мен компания ұсынған шотқа сәйкес балмұздақ өндірісі мен сатылымына қажет негізгі жабдықтың құнына алдын ала төлем жасайсыз.
  3. Бекітілген тізім мен компания ұсынған шотқа сәйкес балмұздақ өндірісі мен сатылымына қажет инградиенттердің бірінші легіне алдын ала төлем жасайсыз.
  4. Оқыту үшін жол жүріп келген технологтың көліктік және тұру шығындарын төлейсіз.
  5. Балмұздақ өндірісі үшін ұдайы шикізат, брендталған бір рет пайдаланатын ыдыс және ілеспе тауарларды тек франчайзерден сатып алуға міндеттелесіз.
Шарт бойынша Сіз бірқатар қаржылық емес міндеттемелер орындайсыз:
  1. Фирмалық стиль стандарттарын қатаң сақтау.
  2. Сауда орындарын жасап, дәмхананы әзірленіп қойған жобаларға сәйкес немесе франчайзер бекіткен жаңа жобаларға сәйкес безендіру.
  3. Балмұздақты қатаң түрде франчайзердің технологиясы мен рецептісі бойынша өндіру және ол үшін франчайзер бекіткен тізімдегі ингредиенттерді пайдалану.
  4. Франчайзер ұсынған қызмет көрсету стандарттарын сақтау.
Персоналды үйрету:
  1. Балмұздақ әзірлеумен айналысатын франчайзи кондитерлерін оқыту үшін франчайзер технологы дәмхана орналасқан жерге келеді. Оқыту 5 жұмыс күні ішінде жүреді. Технологпен бірлесіп, ингредиенттерге және ілеспе тауарларға бірінші тапсырыс жасалады.
  2. Дәмхана директорын (басқарушысын) оқыту үшін оқытушы маман дәмхана орналасқан жерге келеді. Оқыту 5 жұмыс күні ішінде жүреді.
  3. Дәмхананы оқытушы маманның бақылауымен ашуға дайындағанда апта бойы ашылатын сауда орнының қызметшілерін оқыту жүргізіледі.
  4. Шарт қолданылатын мерзім бойы барлық жұмыс мәселелері бойынша кеңестер беріледі. Менеджмент, қаржы, маркетинг саласында кеңестер ұсынылады. Қажет болғанда технолог немесе оқытушы маман қосымша оқытудан өткізу үшін дәмхана орналасқан жерге келеді.

Tutto Bene сауда маркасымен сату құқығын (балмұздақ, сүт коктейльдері) беретін франчайзи:
ДК Нәбиев, Қазақстан, Алматы қ.
MEGA PARK СОО, Қазақстан, Алматы қ.

Tutto Bene сауда маркасымен балмұздақ сату құқығы бар серіктестер:
Мега Алма-Ата СОО, Star Cinema кинотеатры, Қазақстан, Алматы қ.

Пайдалы құжаттар:

Франчайзи сауалнамасы
Франчайзинг таныстырылымы
 

Tutto Bene тауар белгісі  жыл сайын Зияткерлік меншік құқықтары бойынша комитет жариялайтын Қазақстан Республикасының тіркелген тауар белгілерінің тізіліміне кіреді, тауар белгісін тіркеу туралы 07.02.2012 жылғы №12-3/380 шешім Әділет министрлігінің дерекқорында сақталған. Сәйкес сарапшылық қорытындыны Сіз мына жерден қарай аласыз.

2012 жылдың сәуірінде 2012№4(||) нөмірлі кезекті «Промышленная собственность Национального института интеллектуальной собственности» ресми бюллетені шықты, онда тіркелген тауар белгілері жарияланады. Tutto Bene тауар белгісі  аталмыш мемлекеттік құжаттың 221-ші бетінде орналасқан.

«Даму» қорының жанындағы Франчайзи орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырылған Қазақстандағы алғашқы пресс-турдың аясында «Gelato Tutto Bene» ЖШС «Франчайзи жұлдыздары» аталымында қатысушы сертификатын алды.

Өз қалаңызда Tutto Bene джелатериясын ашуға бел бусаңыз, қуана қуана серіктес боламыз!